jasqazaq.kz

Алматыда автобус жүргізушісін пышақтады

30 қыркүйек 2019, 19:41

Алматының қоғамдық көлігінде жолаушы автобус жүргізушісіне пышақ сұғып алды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады. Оқиға 29 қыркүйек күні сағат 22:00 шамасында Жандосов көшесімен жүріп келе жатқан №126 бағыттағы автобуста болды. «Қоғамдық көлік жүргізушісі жолаушымен ерегісіп қалған. Салдарынан 28 жастағы автобус жүргізушісі пышақ жарақатын алды. Ол медициналық мекемеге жеткізілді. Тексерістен кейін үйіне жіберілді. Бұл факті сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде ҚР ҚК-нің 293-бабы 3-бөлігіне сәйкес тіркелді. Қылмысты ашу үшін арнайы жедел-тергеу тобы құрылды», — деп хабарлады Алматы қалалық Полиция департаментінен. Қазіргі уақытта күдіктіні анықтау және оны ұстау бойынша жедел және арнайы шаралар кешені жүргізілуде. Өз кезегінде, қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы жүргізуші амбулаторлық ем қабылдап жатқанын айтты.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда