jasqazaq.kz

Алматыда автобус жүргізушісі жол үстінде порно көрген

31 шiлде 2018, 15:26

Facebook және Instagram қолданушылары жолаушылар автобусы жүргізушісінің рульде келе жатып, смартфонынан порнографиялық видео көргені түсірілген бейне жазбаны талқылап жатыр. Бейне жазба Instagram желісіндегі kris_p_brothers парақшасында жарияланды. Жарияланым авторларының айтуынша, бұл видео Алматыда түсірілген.

Қолданушылар жүргізушінің бұл әрекетін айыптап, рейске шығар алдында телефондарын алып алуды ұсынды. «Қоғамдық орында мұндайды көруге бола ма екен, үйде көр, мархабат, бірақ жұмыста емес, қуады», — деп жазды tomi3688 деген қолданушы. «Расында да автобус жүргізушілеріне смартфон ұстауға тыйым салу керек. Шұғыл қоңырауға қарапайым телефон жетеді», — деп ұсынды iriskz583. Tengrinews.kz хабарлағандай,тасымалдаушы компания өкілдері егер ол адамның автопаркке қарасты екені анықталса жүргізушіні жұмыстан шығаруға сөз берді. «Оның біздің жүргізуші екенін растайтын ақпарат келіп түссе, ол жұмыстан қуылады. Бізде бұйрық бойынша, рейс кезінде гаджет, телефон қолданғаны үшін бір ғана жаза қолданылады — жұмыстан босату», — деді «Алматыэлектротранс» ЖШС басшысы Ризван Цинаев. Айта кетейік, биыл сәуірде №80 автобустың жүргізушісі жолақасын SMS арқылы төлеген қызды балағаттады. Наурызда «Green Bus Company» ЖШС жүргізушісі рульде бәліш жеп, телефонмен сөйлесіп, «Оңай» билетін сұрағаны үшін жолаушыға балағат сөздер айтты. 2017 жылы желтоқсанда №32 автобустың жүргізушісі тұрғындардың жағасын ұстатты, ол рульде шылым шегіп, телефонмен сөйлескен.

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді