jasqazaq.kz

Алматыда автобус жүргізушісі соққыға жығылды

21 желтоқсан 2020, 14:16

Алматы маңында тапатал түсте автобус жүргізушісіне қарақшылық шабуыл жасалды. Полиция оқиғаға қатысты тергеу жүргізіп жатыр. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Әлеуметтік желілерде № 220 маршрутының жүргізушісін күндіз 150 теңге үшін соққыға жыққандығы туралы видео пайда болды. Шабуыл 20 желтоқсан күні Жетіген теміржол станциясында орын алған. Сонымен қатар, бейнежазбада жүргізушіні ұрып-соғып, қабырғасын сындырып, барлық ақшаны алып кеткені айтылған. Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі автобус жүргізушісіне жасалған шабуыл туралы құқық қорғау органдарына ешқандай шағым түспегенін хабарлады. Оқиға әлеуметтік желілерді бақылау кезінде анықталды. «Қазіргі уақытта бұзақылық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, оқиғаның қатысушылары мен куәгерлері анықталып жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады «, — деп түсіндірді полиция.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия