jasqazaq.kz

Алматыда автобус жаяу жүргіншіні қағып кетті (видео)

14 наурыз 2019, 14:31

Алматы орталығында автобус жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті. «Алматыэлектртранс» өкілдерінің мәліметінше, бұл оқиға бүгін, 14 наурызда шамамен сағат 12.30-да болған. №70 автобустың жүргізушісі Розыбакиев көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, Абай даңғылымен қиылысатын жерде жаяу жүргіншіні қағып кеткен. «Қыз бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кеткен. Ал жүргізуші тоқтап үлгермеген. Жедел жәрдем қызметі шақырылды. Оқиғаның басқа да мән-жайы анықталып жатыр», — деді «Алматыэлектртранс» өкілдері. Денсаулық сақтау басқармасындағылар зардап шеккен қыздың Қалалық орталық клиникалық ауруханаға жеткізілгенін хабарлады. «Ми жарақатын алған, сондай-ақ, мойын омыртқасы мен иығын жарақаттап алған. Жағдайы — орташа ауыр», — деді ведомстводағылар.

Тengrinews.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде