jasqazaq.kz

Алматыда автобус төбесінен отшашу атқандар ұсталды (Видео)

15 қараша 2021, 13:04

Автобус төбесінде отшашу атқан бұзақылар ұсталды. Бұл туралы Алматы Полиция басқармасы мәлімдеді.

Бостандық аудандық Полиция басқармасының мәліметінше, бұзақылық әрекетке қатысушылар анықталып, ұсталды.

Олар – төртеу. Әрқайсысы рөлді бөліп алған. Бірі автобус жүргізушісін назарын бұру мақсатында алаңдатты, екіншісі – камераға түсіретін оператор, тағы екеуі қоғамдық көліктің төбесіне шығып, отшашу атты. Олардың арасында кәмелетке толмаған балалар бар. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК 293-бабы бойынша қылмыстық іс тергелуде. Бұдан басқа, бұзақылардың әрекеттерінде ҚР ӘҚБтК-нің 436-бабында көзделген құқық бұзушылық белгілері байқалған, — деп жазды Бостандық ауданы ПБ бастығы Думан Аухадиев.

Ол тергеу барысында автобус жолаушыларына қауіп төндірген жастардың мінез-құлқының шынайы мотиві анықталатынын атап өтті.

Бұзақылыққа қатысушылардың бірі автобустың төбесінен секіріп, басынан жарақат алды, дейді Алматы ПБ баспасөз қызметі.

Zakon.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде