jasqazaq.kz

Алматыда автобус өртенді (видео)

24 қазан 2019, 10:47

Алматыда әл-Фараби даңғылында №32 бағыттағы автобус өртенді.

Төтенше жағдай бүгін, 24 қазанда таңғы сағат 07:00 шамасында болған. Төтенше жағдай департаментінің хабарлауынша, қоғамдық көлікте жолаушылар болмаған. Өрт 25 шаршы метрді шарпыған. «ТЖД «101» пультіне 24 қазанда таңғы сағат 06:45-те Бостандық ауданы әл-Фараби даңғылы мен Ходжанов көшесінің қиылысында қоғамдық көліктің өртенгені туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына жеткен өрт сөндіру бригадасы № 32 бағыттағы жолаушылар автобусының жанып жатқанын көрген. Жүргізуші өз бетінше өртті сөндіруге тырысқан. Автобустың ішінде жолаушылар болған жоқ. Қызыл жалын 25 шаршы метр аумақты шарпыған. Өртті 11 қызметкер сөндірді, бір дана техника жұмылдырылды. Өрт сағат 06:57-де ауыздықталып, сағат 07:04-те толықтай сөндірілді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ», — деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от _ (@krispi_almaty)

ҚазАқпарат

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда