jasqazaq.kz

Алматыда автобус көше шамының бағанасына соғылды

25 қазан 2021, 10:47

Алматыда автобус жүргізушісі бағанаға соғылып, салдарынан бір жолаушы зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Жол апатының видеосы әлеуметтік желіде тарап кетті. Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 23 қазан күні кешкі сағат 21:40 шамасында болған. «Jaz le» маркалы автобустың жүргізушісі Райымбек даңғылымен шығыс бағытта келе жатып, Тұрғыт Озал көшесінің қиылысында, рульді басқара алмай, көше шамының бағанасына соғылды. «Жол-көлік оқиғасы салдарынан автобустың бір жолаушысы медициналық мекемеге жеткізілді. Материал Алмалы аудандық полиция басқармасының өндірісінде», — деді Алматы қаласы полиция департаменті тергеу басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде