jasqazaq.kz

Алматыда автобус кондукторы жолаушымен ерегесті (видео)

28 шiлде 2017, 12:09

Алматыда кондуктор жол ақысын қолма-қол төлеуден бас тартқан жолаушымен ерегесті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Сол кезде автобустағы «Оңай» терминалы жолаушының картасын қабылдамай қойған.  «KZ036FW нөмірлі № 79 автобуста келе жатып, мынандай оқиғаның куәгері болдым: «Рахат»аялдамасында бір жігіт кіріп келді, картасын терминалға сала бастады, бірақ терминал картаны қабылдамай қойды. Содан жігіт кондукторды шақырып «Неге терминал жұмыс істемей тұр?» деп сұрайды. Кондуктор болса оған «Сіздің картаңыз бұғатталған, қолма-қол ақша төлеңіз» деп айтады. Сол сәтте жігіт терминалдың көмегімен картасындағы ақшаны тексереді — картада 800 теңге болды. Бірақ терминал «карта бұғатталған» деп көрсетіп тұрды. Сол себепті кондуктор одан қолма-қол ақшаны сұрайды, бірақ жігіт сонда да ақша төлеуден бас тартып, бұған автобус өкілдерінің кінәлі екенін айтты. Осы сәтте кондуктор балағат сөздер айтып, жігітке қарай бас салады. Кейінірек автобус жүргізушісі тоқтап, жігіттен неге 80 теңге төлемей қойғанын сұрай бастайды», — дейді алматылық қыз. Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер бар! Автопарк өкілдері жүргізушінің жауапкершілікке тартылатынын, ал кондуктордың штаттан тыс жұмыс істеп жүргенін айтты. «Терминал жұмыс істеп тұрды. Жолаушының картасы жұмыс істемеді. Басқа жолаушылардың барлығы төледі ғой. Жүргізуші жұмыстан шеттетілді. Ертең тәртіптік кеңес өтеді, қажетті шараларды қабылдаймыз: не қатаң сөгіс, не жұмыстан шығарамыз. Кондуктор жұмысқа қайтып кірмейді. Жүргізушінің әрекеті дұрыс емес. Барлық жүргізушімен осындай жағдайлар туралы сұрастырдық, ешкімде мұндай жағдай болған жоқ. Картаңызда ақша бітіп қалса немесе карта жұмыс істемесе, SMS үшін төлеңіз немесе сол адамға 80 теңгеңізді беріңіз»,- деді Алматыдағы Green Bus Company филиалының директоры.

Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер бар!

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде