jasqazaq.kz

Алматыда автобус қаққан әйелдің екі аяғы бірдей кесілді

05 наурыз 2020, 13:36

Алматыда микроавтобус қаққан 61 жастағы әйелдің екі аяғын кесуге тура келді.

Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы әйелдің жағдайы туралы түсінік берді. «Әйел Шұғыл медициналық көмек беру ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлер қажетті медициналық көмекті көрсетті. Қазір ол аса ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр. Екі аяғына ампутация жасауға тура келді. Травамтикалық шок алған. Сол жақ жауырыны сынып кеткен», — деді қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен. Қайғылы оқиға бүгін таңғы 7-де Алмалы ауданында болды. «Форд Транзит» автокөлігінің жүргізушісі мас күйінде Мақатаев көшесімен келе жатқанда Чайковский көшесіне жетпей автобус аялдамасын соққан. Аялдамада тұрған 61 жастағы әйел ауыр жарақат алды. Соның артынан шетте тұрған «Тойота Камри» көлігін соққаннан соң аударылып кеткен. «Бұл дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабының 2-бөлімімен қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Жүргізуші уақытша оқшаулау орнына қамалды», — деді ПД баспасөз қызметінен.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде