jasqazaq.kz

Алматыда аудандық санитарлық басқарманың қылмысы әшкереленді

23 сәуiр 2021, 10:33

Алматыдағы аудандардың біріндегі санитарлық-эпидемиология бақылау басқармасы жоқ күзет қызметіне қазынадан жыл сайын миллиондаған қаржы аудартып, оны қалтасына басып отырған. Жең ұшынан жалғасқан жемқорлықты дәрігер Қайырғали Көнеев әшкереледі, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Қайырғали Көнеев, дәрігер:

— Екі-үш жылдай созылған. Айына 150-200 мыңдай алып тұрған. Ұрланған бюджеттің ақшасы қосымша айлық ретінде бастықтардың қалтасына түсіп отырған. Бұл дұрыс емес. Қазір дәрігерлерге үстемақы беруге ақша жетпей жатыр. Сол жаққа жұмсалса адал болар еді.
Заң бұзып алынған ақша бюджетке қайтарылуы керек. Алматылық дәрігер алғашында бұл сорақылықты таныстарынан естіпті. Сосын әңгіменің анық-қанығын білу үшін құзырлы мекемеге хат жолдаған. Жандарбек Бекшин басқаратын қаланың санитария-эпидемиология бақылау департаменті өз кезегінде ақ халаттының күдігін растап, құзырлы орган аталған іс бойынша тергеуді бастап кеткенін жеткізді.

Басы дауға қалған Алатау ауданының санитар мамандары аудан әкімдігінің ғимаратында отырады. Олардың қауіпсіздігін әкімдік қаржыландыратын күзет қызметі қамтамасыз етеді. Бұған біз де көз жеткіздік. Жауапты департамент өкілдері аудан басқармаларының күзетіне жылына 2 миллионнан астам қаражат қарастырылатынын мәлімдеді. Яғни қосымша күзетшілердің қажеті жоқ деген сөз.

Бауыржан Қыдырбайұлы, Алматы қаласы санитария-эпидемиология бақылау департаментінің бөлім басшысы:

— Осы жағдайды білген күннен бастап департамент басшысының бұйрығымен қызметтік тексеріс жүргізілді. Жиналған барлық мағлұмат ҰҚК мен құзырлы органдарға жолданды. Бұл құзырлы органдар өз тергеп-тексерулерінің қорытындысын бізге жібереді. Содан кейін ғана біз өз құзірет шеңберімізде аталған жағдайға байланысты шара қолданамыз.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия