jasqazaq.kz

Алматыда аудан әкімі сот алдына келді

04 қараша 2019, 17:58

Алматының Бостандық ауданының әкімі Алтай Рахымбетов әкімшілік сот алдында жауап берді.

Әкімнің мемлекеттік сатып алулар кезінде ереже бұзғаны белгілі болды. Бұл туралы аукцион қатысушылары айтқан. Олар Бостандық ауданындағы аулаларда жүргізілген жөндеу жұмыстары бойынша байқаудың нәтижесіне көңілі толмайтындарын айтады. Қатысушылардың айтуынша, аукционда жеңіске жеткен компанияның бұл салада аса тәжірибесі жоқ. Осылайша, аукцион қатысушылары Мемлекеттік активтер басқармасына шағым түсірген. «Комиссия құрамында бес адам бар екенін бірден айтып түсіндіргім келеді. Мен әкімдіктің өкілі әрі төрағасы ретінде болдым, сондай-ақ, Қаржы басқармасының үш өкілі бар. Биыл мемлекеттік сатып алулар туралы заңға өзгерістер енгізілді. Біз барлығын дұрыс жасадық деп санаймын», — деді аудан әкімі Рахымбетов сот отырысында. Қазіргі уақытта сот тыңдауы жалғасып жатыр.

Ақпарат көзі: Тengrinews.kz

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда