jasqazaq.kz

Алматыда ауасы ең лас жер анықталды

01 шiлде 2020, 14:30

Алматыда бір аптада ауа ластану көрсеткіші 46 рет қалыпты деңгейден асқан.

«Казгидромет» РМК елдегі атмосфералық ауаның тазалығы көрсеткішін жариялады. 2020 жылы 23-29 маусым аралығында Қызылорда, Петропавл, Павлодар қалаларында бір рет те ауаның ластану шекті көрсеткіші тіркелмеген.

Атырауда шекті көрсеткіштен ауаның ластануы 111 рет асқан.

Ақтөбе қаласында 40 жағдай тіркелген. Әсіресе Шанхай 4 ауданында Рысқұлов көшесі ауданында ауаның ластығы байқалған.

Нұр-Сұлтан қаласында ауаның ластануының шекті көрсетіші 165 рет қалыптан асқан. Ауа Ақжол көшесі (ЖЭО), Көктал-1, Шапағат коммуналды базары маңында лас болған.

Алматыда ауаның ластану көрсеткіші 46 рет қалыптан асқан. Ең жоғары көрсеткіш Бостандық ауданындағы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ университеті маңында тіркелген.

Балқаш қаласында ауа ластануының 61 жағдайы тіркелді. Ауа Ленин көшесінің маңында өте лас болған. Қазақстанның басқа қалаларында ауаны ластайтын жекелеген заттардың қалыпты нормадан асуы байқалмаған.

ҚазАқпарат

21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі