
Алматыда ауа райына байланысты ескерту жарияланды. Бұл туралы Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Алматыда ауа температурасының жоғарылауына байланысты, 2019 жылдың 26 ақпанынан 1 наурызына дейінгі аралықта еріген қар суы жиналып, мұздар жұқарады», — делінген хабарламада.