jasqazaq.kz

Алматыда атышулы Мақсат Үсенов есірткімен ұсталды

15 қыркүйек 2017, 15:37

Талай рет жол апатына себепкер болса да, жазадан оңай құтылатын Мақсат Үсенов елді тағы шулатты. Ол енді есірткімен ұсталды деп хабарлайды patrul.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Алматы қаласы Алмалы аудандық сотында атышулы Үсеновтің есірткі пайдаланғаны жөнінде іс қаралды. Полицейлер Үсеновтің қалтасынан сіріңкенің қорабындағы жасыл, ерекше иісі бар шөпті тауып алған.

Кейін мұның марихуана екендігі белгілі болды. Сотта Үсенов өзінің есірткі шеккенін мойындады. Ол өзінің марихуананы алғаш рет шеккенін айтып, бұдан былай қайталамауға уәде берді.

Бәрінен бұрын Үсеновтің соттағы жауабы қызық болды. Ол Алматыдағы мейрамханалардың бірінде түстеніп, көшеде жаяу серуендемек болған. Кенет Әуезов көшесінің бойында ол жерде жатқан сіріңке қорабын теуіп жіберген.

Сол кезде сіріңкенің қорабынан жасыл түсті шөп шығады. Содан соң, қорапты қалтасына салып, интернет клубқа барған ол кассирге ақша төлейтін кезде ғана қалтасында ерекше шөптің барын есіне түсіріпті.

Кейін Үсенов сыртқа шығып, өмірінде бірінші рет марихуана шеккенін айтады. Сот Үсенов Мақсат Қажымұратұлын кінәлі деп тауып, 453 800 теңге көлемінде айыппұл салды.

Еске сала кетейік, Мақсаттың әкесі Қажымұрат Үсенов ЭКСПО-2017 ұлттық компаниясында жұмыс істеп, қаржы жымқырғаны үшін сотталған болатын. Алайда, сәуір айында ол рақымшылыққа ілігіп, босап шықты.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық