jasqazaq.kz

Алматыда атыс болды (видео)

04 маусым 2020, 11:45

Алматыда біреулер атысып, ер адам аяғынан жараланды. Оқыс оқиға кеше кешкі сағат 21:00 шамасында Қазыбек би –Мұқанов көшелерінің қиылысында болған.

Бұл туралы әлеуметтік желіде видео тарап кетті.

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, компьютерлік техника сататын дүкеннің қасында біреулер атысқан. Соның кесірінен ер адам аяғынан жараланған.

«Мен дүкен аралап жүрген едім. Кенет сыртта 3 рет оқ атылды. Жараланған ер адамның әйелі шұғыл жедел жәрдем шақырып жатты. Атысқан адамдар бір-бірімен таныс па ол жағын білмеймін», — деді оқиғаны куәгері Гүлзат Рымбаева.

Қалалық полиция департаменті бұл оқиғаға қатысты түсінік берді.

«Жұмалиев көшесінде орналасқан дәмханалардың бірінде отырған екі адам сөзге келіп қалған. Оның арты жанжалға ұласып, олардың бірі 37 жастағы жігітке пышақ салған. Сол сәтте екіншісі травматикалық тапанша алып оқ атқан. Оқтың бірі көшемен өтіп бара жатқан 28 жастағы жігіттің аяғына тиген. Қазір төбелеске қатысқандар ұсталды. Бұл дерек бойынша ҚР ҚК 293-бабының 3-бөлімімен тергеу амалдары басталды», — деді ПД баспасөз қызметінен.

ҚазАқпарат

29 қазан, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар
29 қазан, 13:08
Шымкент: Төтенше жағдайдың алдын алу жұмыстары күшейтілуде
28 қазан, 18:31
Шымкент: Шағын өндіріс алаңының шапағаты
28 қазан, 17:22
«JAS QAZAQ» газетінің 10 жылдық мұрағаты зерттелді
28 қазан, 13:47
Президент Жолдауындағы басты бағыттар қандай?
27 қазан, 18:46
Алматыда жастар мен Жетісу ауданының тұрғындары қалдықтарды сұрыптау бойынша экологиялық акцияға қатысты
27 қазан, 18:25
Ақмарал Ещанова: Экологиялық туризмді дамыту табиғатты қорғаумен қатар жүруі керек
27 қазан, 14:57
Жанұзақ Махамбетов: Басты міндет – қала тұрғындарына жылуды үздіксіз жеткізу
25 қазан, 17:35
Алматыда таулы аумақтарды тазарту бойынша ауқымды экологиялық акция өтті