jasqazaq.kz

Алматыда атыс болды. Бес адам өлді (Видео)

20 қыркүйек 2021, 21:23

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от интернет-СМИ «kris_p_brothers» (@kris_p_brothers_official)

Алматыда сот шешімін орындау барысында 5 адам қаза болды, оның ішінде 2 учаскелік полиция инспекторы мен сот орындаушысы да бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қайғылы оқиға бүгін шамамен 17.00 -де екі адамның меншік құқығына қатысты дауы бойынша сот шешімін орындау кезінде болды. Сот шешімімен танысқан соң, жергілікті тұрғын үйге жүгіріп барып, сот орындаушысына, учаскелік полиция инспекторларына және аулада болған басқа адамдарға қарудан оқ жаудырды. Бес адам, оның ішінде қызметте болған екі полиция қызметкері, оқтан жарақат алып, көз жұмды.

«Күдікті арнайы жасақ сарбаздарының қатысуымен қару қолданылмай ұсталды, өйткені үйде әйелдер мен балалар болды. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99 бабы 2 бөлігі «Кісі өлтіру» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қылмыс жасағаны үшін 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған»,- деді Алматы қалалық Полиция Алматы полиция департаменті басшысының орынбасары Рүстем Әбдірахманов.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Оқиға болған жерді полиция қоршауға алды. Азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия