jasqazaq.kz

Алматыда ата-анасы жасап берген үйлену тойына жас жұбайлар қатыспай қойды

21 қыркүйек 2017, 15:16

Алматының Алатау ауданына қарасты Шаңырақ ықшам ауданында қазақ отбасының тойы елден ерекше өтті,-деп жазды Stan.kz. Онда дінге бет бұрған жастар өздерінің үйлену тойына келген қонақтарға көрінбеген.

Бұл туралы сайтымызға үйленген жігіттің туысы хабарлады.

«Әпкемнің ұлы үйленді деп барлығымыз қуанып, сыйлығымызды құшақтай асыға жетіп барған болатынбыз. Жігіттің анасы келін алғанына қуанғанын байқамадық.Керісінше жылағаннан көзі ісіп кеткен сияқты көрінді. Той алдындағы дайындықтың кезінде отбасылық мәселелер туындап қалған болар деп болжадық.

Үйде қалыңдық та, үйленген жігіт те жоқ болды. Әдеттегідей жастар кешкі столға келетін шығар деп күттік. Бірақ олар келмеді. Қонақтар келіп қалған кезде жездеміз жиналғандарға жағдайды сол жерде бірден айтты. «Қазіргі жастарды түсінбейді екенбіз.Олар өз қалауларынша тойласын, біз өз қалауымызбен.

Адамдардың көзіне түскілері келмейді екен» деп күлді де қойды. Содан 150 қонақ біраз түсінбей отырып қалды. Асаба кезек-кезек сөз кезегін ұсынып ұмыттырып жіберді. Сожан жас жұбайларға сырттарынан тілек айтып, тойды түнгі 22:00-ге дейін өзіміз тойлап қайттық»,-дейді Алматы тұрғыны.

Жігіт мектеп бітірісімен намаз оқып намазхан жігіттермен араласады екен. Қыз болса никаб оранады екен. Ата-анасы беташарды той болатын мейрамханада өткізіп жіберуді жоспарлаған екен.

Туысқандарының айтуынша жігіт келіншегін өз отбасындағы ер азаматтардың алдына да шығармайды екен. Сол үшін үйленісімен қалыңдығын ата-анасына бір таныстырып пәтер жалдап кетіп қалыпты.

Үйленген жігіттің өзі бауырдарымен байланысын үзбейді екен, тек келіншегін әдеттегідей ата-анасының үйінде жұмыс істеп, қонақ болып кетуіне қарсы көрінеді. Алғаш алып келген кезде қалыңдығының бетін анасы ғана көрген екен.

Бүгін, 16:30
Шымкент: Жұмыспен қамту 99,1 пайызға жетті
Бүгін, 13:54
Олжас Сапарбеков: Экономиканың энергия сыйымдылығы 4,1 пайызға төмендеді
Бүгін, 12:42
Данияр Жанжұменов: Әскери бөлімдерде тәуелсіз әскери кеңесшілер институты құрылады
24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде