jasqazaq.kz

Алматыда ата-аналар бапкердің қабырғасын сындырған

11 желтоқсан 2018, 17:18

Алматыда жасөспірімдер арасындағы чемпионатта «Жас қыран» футбол клубының бас бапкері Данияр Михрамовты ата-аналар аяусыз соққыға жыққан. «СДЮШОР-2» ойыншыларының жақындары қарсылас команданың жаттықтырушысын тепкілеп, оның екі қабырғасын сындырған деп жазады sports.kz.

Орын алған оқиғаның мән-жайын зардап шеккен Данияр Михрамовтың өзі айтып берді.

«Несін айтасың? Олар екі жыл бойы мен жайлы жаман қауесеттер таратып, менің өз ойыншыларымның ата-аналарымен арақатынасымды бұзуға барын салып жүр. Олар мені үнемі боғауыз сөздер айтатын бапкер деп негізсіз айыптауда.
Екінші желтоқсан күні біз «СДЮШОР-2» командасымен ойын өткіздік. Кездесу барысында қарсыластардың ата-аналары менің футболышларымның жақындарын балағаттап жатты. Айта кетерлігі, біздің командаға қолдау білдіруге тек аналар мен әжелер келсе, олар тарапынан кілең ер адамдар болды.

Мен өз ойыншыларымның ата-аналарын сабырға шақырып, қарсыластарға мән бермеуін сұрадым. Сол сәтте олар маған жұдырық ала жүгірді.
Мен осымен ауруханада үшінші күн жатырмын. Мен және менің көмекшім азулы ата-аналардың соққысына қалдық. Менің екі қабырғам сынды. Бұл команда ата-аналарының қатысуымен ұқсас оқиға осымен бірнеше мәрте болып отыр. Олар тек бізге ғана емес, сондай-ақ «Қайрат» командасының жақтастарына да күш көрсеткен.

Оны ата-аналардың өздері растап отыр. Олар жағдайдан соң, маған хабарласты. Қажет болса, ойынға мас күйінде келіп, шу шығаратындарды әшкерелейтін дәлелдерді беретіндерін жеткізді. Ең сорақысы, бұл жас жеткіншектердің ойнына кері әсерін тигізіп жатыр.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді