jasqazaq.kz

Алматыда әскери ЖОО-да курсант оқ жарақатын алды

23 шiлде 2021, 13:54

Алматыдағы Құрлық әскерлері Әскери институтының курсанты сабақ кезінде оқ жарақатын алды. Бұл ақпаратты Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі растады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тарап жатқан ақпаратқа байланысты ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлайды. 2021 жылғы 20 шілдеде Құрлық әскерлерінің Әскери институтында диверсияға қарсы қауіпсіздік сабақтары барысында курсанттардың бірі қаруды қолдану кезіндегі қауіпсіздік шараларын бұзу себебінен еріксіз автоматты түрде оқ атылды. Оқ басқа курсанттың аяғына тиген», — делінген Қорғаныс министрлігінің Telegram-арнасындағы хабарламада.

Ведомство мәліметінше, зардап шегуші жедел түрде Алматы қаласының әскери клиникалық госпиталіне жеткізілген. Онда оған қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

«Курсанттың денсаулығына ешқандай қауіп жоқ. Ата-анасына хабарланды. Қазіргі уақытта факт бойынша тексеру жүргізіліп жатыр», — делінген хабарламада.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия