jasqazaq.kz

Алматыда асфальт опырылып кетті

20 желтоқсан 2020, 21:17

Алматыда асфальт опырылып, жолда үлкен шұңқыр пайда болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқыс оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде таралған. «Алматы қаласы Алатау ауданы Ақшағыл көшесі. Екі күн бұрын құбыр жарылған. Ешкім ештеңе істемеді. Ақыры асфальт опырылып түскен»,- деді жазба авторы.

Бұл оқиғаға қатысты қалалық әкімдік түсініктеме берді. «Көк-Қайнар» шағынауданында (Шаңырақ-5) 2012 жылы Алматы қаласы энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының тапсырысы бойынша сумен жабдықтау желілері жүргізіліп, пайдалануға берілген болатын. Қазіргі уақытта «Алматы Су» МКК қызмет көрсетеді. 2020 жылдың 20 желтоқсанында сағат 8:00-де «Алматы СУ» МКК-на аталған мәселе бойынша тұрғындардан өтінім келіп түсті. Көкқайнар (Шаңырақ-5) шағынауданында Ақшағыл көшесінің бойында диаметрі 160 мм су өткізгіш құбыр орналасқан Ақшағыл 119/2 мекен-жайына жақын жерде құбыр жарылды. Қазіргі уақытта «Алматы Су « тарапынан жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жедел жүргізіліп жатыр. Жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін жол жабыны міндетті түрде қалпына келтіріледі», — деді әкімдіктен.

Аталған учаскеге 30 үй қосылған. Бұл үйлерге еш зақым келмеген.

 

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия