jasqazaq.kz

Алматыда арық желілерінің жағдайын зерттеу үшін робот қолданылады

29 маусым 2022, 10:52

Құбыржолдарды зерттеу үшін экология және қоршаған орта басқармасының мамандары камерамен жабдықталған, төменгі жиілікте жұмыс істейтін және қашықтан басқарылатын роботты пайдалана бастады. Бұл туралы  ҚазАқпарат хабарлайды.

«Аппаратты жергілікті мамандар өз күштерімен жинап шығарды. Дөңгелектің көмегімен жылжитын кішігірім робот қолжетімсіз жерлерден оңай өтіп, сол жердегі бейнені тікелей арнайы мониторға шығарады. Сонымен қатар аппарат телеметрия мәліметтерін иілу бұрышы мен тік күйінде де көрсетеді. Құрылғының көмегімен ластану деңгейімен қатар құбырдағы коррозия, жарылу және тағы басқа ақауларын анықтауға болады»,- деп хабарлады қалалық әкімдіктен.

Қала әкімдігі атап өткендей, қазіргі кезде арық желісін қалпына келтіру және оларды коллекторлармен байланыстыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар арық желілерінің суару мүмкіндігін де қалпына келтіру қолға алынған. Арық желілерін жөндеу және қайта құру жұмыстары бойынша тиісті жобалау есептеу құжаттамасы әзірленді. Кейбір жерлерде арық желілерін кеңейту жоспарланған.

Қалада тығыз құрылыстың жүргізілуіне байланысты арық желісін салуға мүмкіндік жоқ жерлерде су басуды болдырмау үшін су ағынын бөлу жұмыстары жүргізілуде. Жылдың соңына дейін 56 су басу аумағында коллектор жүйесін іске қосып, арық желісімен байланыстырып, апатты қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу жоспарланған.

«Алматыда су басудың негізгі себебі арық желісінде жауын және еріген қар суын өткізу мүмкіндіктің жоқтығында және коллектор-кәріз жүйесінің нашар болуында. Қолданыстағы коллекторларға көп жылдан бері тиісті қызмет көрсетілмеген»,- делінген хабарламада.

Қалада барлығы 16 коллектор бар, оның 12-і жарамсыз, төртеуі тек 30%-ға жұмыс істеп тұр. Биыл жалпы ұзындығы 376 км арық желісін салу және қайта құру жұмыстары басталды.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр