jasqazaq.kz

Алматыда әртістер мен блогерлер қатысқан екі тойдың видеосы тексеріліп жатыр (видео)

08 ақпан 2021, 22:09

Алматыда демалыс күндері әртістер мен блогерлер қатысқан екі той өтті. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті қазақстандық жұлдыздардың видеосын тексеріп жатыр.

Демалыс күндері желі қолданушылары Instagram-да Stories-тен екі үлкен іс-шараны тамашалады. Солардың бірін super.mamasita атымен танымал блогер Әлия Байтұғаева өткізді. Кадрлардан туған күн мерекесіне басқа да қазақстандық блогерлер, актрисалар мен әншілер келгенін көруге болады.

Екінші іс-шараны, видеоларға қарағанда, «МузАРТ» солисі Кенжебек Жанәбілов ұйымдастырған. Кадрлардан қазақстандық шоу-бизнестің басқа да өкілдерін көруге болады. Мысалы, Мақпал Жүнісова, Сәкен Майғазиев. Іс-шараға қазақстандық палуан әрі мәслихат депутаты Бейбіт Ыстыбаев та барған.

Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті өкілдері видеолар зерттеліп жатқанын хабарлады.

«Сіздердің сұрауыңызға бұл видеолар іс-шара өткізілген орын мен уақытты анықтай отырып зерттеліп жатқанын хабарлаймыз. Тексеру қорытындысы бойынша заңда белгіленген тәртіппен шаралар қабылданады», — деді ведомство баспасөз қызметіндегілер.

Tengrinews.kz

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық