jasqazaq.kz

Алматыда арнайы операция кезінде есірткі сатушылар ұсталды (видео)

15 наурыз 2021, 16:25

Есірткі бизнесімен күресушілер Алматыдағы түнгі клубтардың бірінде арнайы операция өткізді. Полицейлер синтетикалық есірткі таратушыларды ұстады.

Бірнеше күн бойы есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері күдіктілерді бақылады. Жедел уәкілдер мәліметі бойынша, жастар есірткіні қаланың ойын-сауық мекемелерінде таратқаны белгілі болды.

«1998 және 2002 жылы туған екі күдікті қала мекемелерінде синтетикалық есірткі таратқан. Олар клиенттерден онлайн аударымдар арқылы төлем алып отырған. Құқық қорғау органы қызметкерлері заңбұзушылықты анықтау үшін есіртік сатып алған. Осыдан кейін күдіктілерден 0,55 грамм мефедрон және 0,40 грамм PVP тәркіленді.

Операцияға арнайы жасақ жауынгерлері қатысты», — деді Алматы қаласы ПД бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов.Арнайы операция кезінде клубта 160-қа жуық адам болды. Олар Бостандық ауданы ПБ-ға жеткізіліп, карантин режимін бұзу дерегі бойынша мониторингтік топқа тапсырылды.

Полиция мәліметіне сүйенсек, осы клубтағы арнайы операция барысында сатушы мен келушілердің бірінен мефедрон салынған қапшықтар тәркіленген.

«Ұсталғандардың уақытша тұрғылықты жері бойынша санкцияланған тінту жүргізілді, оның барысында синтетикалық есірткі және қылмыстық кәсіпке тікелей қатысы бар құрал-жабдықтар табылды», — деді ДП бастығының орынбасары.

Ұсталғандарға қатысты ҚР ҚК-ның 297-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Тәркіленген заттар сот-химиялық сараптамаға жіберілді.

Рolisia.kz

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия