jasqazaq.kz

Алматыда арнайы операция кезінде 4 адам ұсталды

17 шiлде 2019, 13:29

Алматы полициясы қылмыстық топты қолға түсірді.

Қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, сотқа дейінгі тергеу барысында Алматы аумағында қаруды заңсыз сақтаумен және тасымалдаумен айналысатын топ анықталды. «Соған орай жүргізілген арнайы операция барысында 4 адамнан тапанша, граната, пышақ тәркіленді. 32-35 жас аралығындағы күдіктілер бұрын да қыз зорлап, алаяқтық, жалған құжат жасап, адам өлтіріп, қарақшылық тонау жасағаны үшін істі болған екен. Бұл азаматтарға қатысты тергеу соты тінту туралы санкция шығарды. Тінту нәтижесінде заңсыз айналымнан «РГД-5», тапанша, 4 оқ пен пышақ тәркіленді. Тәркіленген заттар бойынша баллистикалық және дактилоскопиялық сараптамалар тағайындалды», — деді полициядан. Қазір күдіктілер уақытша оқшаулау орнында отыр. Полиция олардың басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр. Алматы қалалық полиция департаменті ҚР ҚК 287-бабының 3-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғады.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде