jasqazaq.kz

Алматыда арнайы операция барысында қару-жарақ арсеналы тәркіленді (Видео)

02 қыркүйек 2021, 12:00

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, арнайы операция барысында Жандосов пен Яссауи көшелерінің қиылысында 46 жастағы Д.есімді азамат ұсталып, көлігі тексерілді. Тергеу сотының рұқсатымен көлікті және күдіктіні тінту кезінде патрондары бар екі тапанша табылды және тәркіленді.

Сондай-ақ, Д.есімді азаматтың тұрғылықты жері — Алматы облысы Талғар ауданындағы құпия орыннан тағы алты қару, оның ішінде 12 калибрлі Винчестер, граната және 60 патрон табылды.

«Қарудың кімге тиесілі екенін, шығуын, сондай-ақ, қандай да бір қылмысқа қатыстылығын анықтау үшін тәркіленді және сот-баллистикалық сараптамаға жіберілді», – деді Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.

Оның айтуынша, күдіктінің үйінен ұнтақ зат салынған төрт бума табылды. Медициналық сараптама күдіктінің ұсталған кезде есірткіге мас болғанын анықтады. Д.есімді азамат Полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабы 3-бөлігіне сәйкес жүргізілуде.

polisia.kz

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді