Алматы қаласының ТЖД Қазгидрометке сілтеме жасап ескерту жариялады.
Шілденің 19-22 күндері Алматыда сынап бағанасы 35-37 градусқа дейін көтеріледі. Күн қатты ыстық болады деп күтілуде. Мамандар бұл күндері мейілінше абай болуға шақырады.