jasqazaq.kz

Алматыда апатқа ұшыраған көліктің терезесінен бала ұшып кетті

07 мамыр 2018, 14:53

Құлжа күре жолында жөндеу жұмыстары жүріп жатқан учаскеде ішінде екі ересек адам мен бала отырған көлік жол апатына түсті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Құлжа күре жолында Рысқұлов даңғылы жаққа қарай келе жатқан Hyundai көлігінің жүргізушісі жөндеу жүріп жатқан жерге жақындағанда рөлге ие бола алмай қалған. Салдарынан көлік металл қоршауды бұзып, шұңқырға аударылып түседі. Жол апатынан машинаның ішінде отырған жеті жасар бала ұшып шығады.
Оқиға куәгерлерінің айтуынша, құрылыс нысанында ешкім болмаған, сондықтан бала жарты сағат бойы көмек іздеген. Жол жөндеушілердің бірін кезіктірген бала жағдайды айтып береді. Апат орнына жедел жәрдем, полиция мен құтқарушылар шақыртылған.

Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері көлік ішінде қыстырылып қалған ер адам мен әйелді алып шығу үшін есігін кесіп алады. Үшеуі де ауруханаға жатқызылды. Әйел адамның хәлі ауыр.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде