jasqazaq.kz

Алматыда апат салдарынан бірнеше аудан сусыз қалды

21 қыркүйек 2022, 11:17

Талғардағы су таратқыштағы апат салдарынан Алматының бірнеше ауданы сусыз қалды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі мәліметінше, 21 қыркүйекте Атырау шағынауданы аумағындағы Талғар су таратқыштың 1-тармағында апатты жағдай болып, су ағып, диаметрі 1400 миллиметр жер асты құбыры зақымдалған. Қазір су таратқыш сумен жабдықтау жүйесінен ажыратылған. Талғар су таратқыштары диаметрі 1200-1400 миллиметр болатын төрт жіптен тұрады, сонау 60-жылдары пайдалануға берілген және Талғар су қабылдағышындағы ұңғымалардан өндірілетін суды тасымалдауға арналған. 1-жіп 1967 жылы пайдалануға берілген.

«Судың ағып кетуі салдарынан 1 жекеменшік үйдің ауласын су басып қалған, апат болған жердегі суды өзенге бұру жүзеге асырылады.

Апатты қызметтер абоненттерді апатты су таратқыштан басқа су таратқыштарға ауыстыру арқылы сумен жабдықтау сызбасын өзгерту бойынша жұмыстар жүргізді. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде суды өшіру аймағы барынша қысқартылды», — делінген хабарламада.

Апатты жағдай жойылғанға дейін 21 қыркүйек сағат 8:45-тен бастап мына мекенжайлар бойынша орналасқан ғимараттар мен тұрғын үйлерге су беру тоқтатылды:

Медеу ауданы — Атырау шағынауданы, 9 екі қабатты үй, 20 ЖТҚ, Атырау қазандығы;
Түрксіб ауданы, Айша-бибі шағын ауданы, Волочаевская көшесі, 200 ЖТҚ, 5.
ЖЭО-ға және басқа абоненттерге су беру штаттық режимде жүргізіледі.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр