jasqazaq.kz

Алматыда алма ағаштарын заңсыз кескендерге қылмыстық іс қозғалды (Видео)

07 сәуiр 2022, 17:26

Алматыдағы «Каменское плато» обсерваториясының жанында алма ағаштары заңсыз оталып, құрылыс басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның видеосы әлеуметтік желіде тарады. Бейнежазбадан арнайы техниканың ағаштарды құлатып, жүк көліктеріне тиеп жатқанын көруге болады. Алматы қалалық жасыл экономика басқармасы бұл ақпаратты растады.

«Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында Медеу ауданы Обсерватория көшесі, 5а мекенжай бойынша алма бақтарын кесуге қатысты ақпарат анықталды. Алматы қаласы жасыл экономика басқармасының қызметкерлері Медеу аудандық полиция басқармасымен, сондай-ақ мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасымен бірлесіп, жедел түрде оқиға орнына барды. Тексеруге барған кезде 21 алма ағашының кесілгені расталды. Тексеру актісі жасалып, 500 АЕК шығын есептеліп, тиісті шаралар қабылдау үшін полиция департаментіне хат жолданды»,- дейді басқарма өкілдері.

Қазіргі уақытта бұл мәселе бойынша қалалық полиция тексеру жұмыстарын бастады. Алма ағаштарын заңсыз кескені үшін қылмыстық іс қозғады.

«Медеу аудандық анықтау бөлімі ҚР ҚК 340-бабы бойынша «Ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе бүлдіру» бойынша қылмыстық іс қозғады»,- деп хабарлады ведомствадан.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от #Spasemgory (@spasemgory)

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде