
Алматыда алимент төлемегендердің көлігі тәркіленіп жатыр.
«Қыркүйек айында Алматыда жеке сот орындаушысы алимент өндіру ісін жүргізу барысында борышкерлерден куәгерлердің және полиция қызметкерлерінің көзінше «Mercedes Benz», «Subaru Legacy» және «Toyota» маркалы 4 автокөлікті тәркілеп, айыппұл тұрағына қойды» деп хабарлады қалалық әділет департаментінің баспасөз қызметі. Алимент бойынша жалпы қарыз — 3 158 153 теңгеге жеткен.
Әділет департаментінің хабарауынша, алдымен бағалаушы компаниялар көліктіің құнын шығарады және сол бойынша сатылады. Сатылымнан түскен ақша алимент қарызын төлеуге жұмсалады.
ҚазАқпарат