jasqazaq.kz

Алматыда әлі де 12 аумақта сел қаупі бар

30 қантар 2019, 11:51

Алматыда соңғы екі жылда сел қаупі бар 67 аумақтың 55-інде жүргізілген жүйелі жұмыстың арқасында су тасқыны қаупі сейілді. Бұл туралы қалалық ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.

Қалада жыл басынан бері көктемгі науқанға дайындық шаралары жүргізіліп келеді. «Қазгидромет» РМК гидрометеорологиялық мониторингіне сәйкес, Алматыдағы Үлкен және Кіші Алматы өзендері бассейнінде 60 см қар жатыр. Былтыр бұл аймаққа 67 см қар түскен. Қазан мен қаңтар аралығында осы аймаққа түскен жауын-шашын мөлшері қалыпты көрсеткіштен 10 пайызға төмен. Қалалық ТЖД мәлімдеуінше, Үлкен және Кіші Алматы өзені бассейніне әлі де жауын-шашын түсуі ықтимал. Биік тауларда қар маусымға дейін жаууы мүмкін. Ақпан айында қаладағы орташа температура -3 градус шамасында болмақ. 2016 жылы болған су тасқынының зардаптарын ескере отырып, қалалық ТЖД жиі су басатын 67 аумақты бақылауға алған болатын. Соңғы екі жылда сел қаупінің алдын алуға әкімдік 12,7 млрд теңге жұмсады. Алатау, Наурызбай, Бостандық, Түрксіб аудандарының проблемалық аймақтарында 24 шақырым арық желісі салынды. Жоспарлы түрде 73 шақырым арық желісі қайта қалпына келтірілді. Екі жыл ішінде Кіші Алматы, Жарбұлақ, Есентай өзендеріндегі 7 көпір жөнделді. Бұған 901 млн теңге жұмсалса, су қорғау аймақтарын қалпына келтіруге 30 млн теңге жұмсалды. Осылайша 2017-2018 жылы жүргізілген жүйелі жұмыстардың арқасында 67 қауіпті аумақтың 55-інде қауіп сейілді. 2019 жылдан бастап қаланың 5 ауданында 49,5 шақырым арық желісі қайта жөндеуден өтеді. Селдің алдын алу мақсатында 5019 адамнан тұратын жеке құрам жасақталды, 1375 техника, 3 жүзу құралы, 82 мотопомпа, 83 автономды электростанса дайындалды. Азаматтық қорғаныс мақсатында 10000 қапшық, 714 тонна құм, 10 тонна балшық, 35 тонна дизель отыны, 30 тонна бензин әзірленді.

Алматы әкімдігі резервінде төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында 5 млрд теңге қарастырылған.

Дереккөз: ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде