jasqazaq.kz

Алматыда алаяқтықпен айналысқан актер ұсталды

19 ақпан 2019, 15:36

Алматы полициясы алаяқтық әрекеттермен айналысқан актерді ұстады. Бұл туралы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Полицияның мәліметіне қарағанда, 21 жастағы жігіт бұрын да істі болған. «Полицияға жасөпірімдердің, мектеп оқушыларының ата-аналары шағымдана бастаған. Бір жағдайда ол видео жүктеп аламын деген желеумен 15 жастағы оқушыдан ноутбук алып шығуын сұраған. Осылайша баланы алдап дүкенге кіріп кетіп, дүкеннің арғы есігінен шығып кеткен. Ноутбукты 15 мың теңгеге сатып жіберген. Тағы бірде қыз баланың телефонын алдап алып кеткен», — деді Әуезов аудандық полиция басқармасының бөлімі басшысы Дидар Аханов. Қазір аталған дерекке байланысты ҚР ҚК 190-бабының 2-бөлімі, 2-тармағымен қылмыстық іс қозғалды. «Осындай құқықбұзушылықтан жапа шеккен азаматтар болса 298-53-70; 298-53-71, 298-53-72 телефондарына хабарласуын сұраймыз. Айта кету керек, бұл жігіт бұрын екі рет драмалық кинода ойнаған актер болып шықты», — деді Дидар Аханов.

inform.kz

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда