jasqazaq.kz

Алматыда алаяқ әйел полицияға пышақ ала жүгірген

19 мамыр 2022, 17:49

Алматыда алаяқ әйелді ұстау кезінде полицейлер жарақаттана жаздады. Ол тәртіп сақшыларына пышақ ала жүгірген, деп хабарлайды Stan.kz.

36 жастағы әйел қылмыстық жауапкершіліктен босатуға көмектесетінін айтып, бірнеше адамды алдаған. Олардың бірі оған 20 мың доллар берген. Алматының тағы бір тұрғыны қылмыстық құқық бұзушылықтың квалификациясын өзгертуге тапсырыс беріпті. Сол үшін 2,5 миллион теңгесін ұстатқан. Артынан екеуі де полицияға арыз түсірген. Ал алаяқ әйелді ұстау кезінде тәртіп сақшылары жарақат алып қала жаздаған.

«М. есімді әйел қала орталығында ұсталды. Ол полицияға белсенді түрде қарсылық көрсетіп, пышақпен тап берген. Бірақ ештеңе шықпады. Одан кейін қатты айғайлап, өтіп бара жатқандардың назарын аударуға тырысты», – дейді полицейлер.

Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 190-бабы, 4-бөлігі (Аса ірі көлемде алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Мұндай қылмыс үшін бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Кінәлі адамның мүлкі тәркіленеді.

Тәртіп сақшылары ұсталған әйелдің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр. Оның әрекетінен зардап шеккендер 8-708-707-92-02 және 8-775-774-44-41 телефондарына хабарласа алады.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр