jasqazaq.kz

Алматыда алаяқ әйел 14 адамды 25 млн теңгеге отырғызып кетті

03 наурыз 2022, 17:46

44 жастағы әйел алматылықтарды 25 млн теңгеге алдап кетті, деп хабарлайды Polisia.kz.

Алатау ауданының полицейлерінің мәліметінше, қала тұрғындарына «жақсы жағдай жасаймын» деп алдап кеткен 44 жастағы Д.есімді азаматшаны ұстады.

«Тергеу барысында әйел адамның өзгелердің сеніміне кіріп, жер телімдерін, пәтерлерді және басқа да жылжымайтын мүлікті нарық бағасынан төмен бағаға сатып алуды ұсынғаны анықталды. «Клиенттер» жеткілікті болды. Күдікті адамдардан «сатып алу» орнына қарай 2 миллионнан 7 миллионға дейін бастапқы жарнаны алған соң із-түзсіз жоғалып кеткен. Қазіргі уақытта оның 14 алаяқтыққа қатысқаны дәлелденді», – дейді Алатау аудандық Полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріков.

Жалпы материалдық шығын – 25 млн теңгеден асады. Күдікті ұсталды және ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалды.

«Бұрын Д.есімді азаматшаның соттылығы болған жоқ. Алайда оның басқа эпизодтарға қатысы бар болуы мүмкін екендігі жоққа шығарылмайды. Осыған орай, азаматтарды суретке қарап, жеке басын анықтаған жағдайда мына телефон нөмірлері арқылы хабарласуларын сұраймыз: 227-55-02; 8-708-380-54-00; 8-708-374-74-25», – деді полиция.

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр