jasqazaq.kz

Алматыда алапат өрт шықты

21 шiлде 2021, 16:04

Алматыда жұмыс істемейтін техникалық қызмет көрсету станциясы ғимаратында алапат өрт шықты, деп хабарлады Tengrinews.kz.

Алматы ТЖД мәліметінше, өрт Наурызбай ауданы Райымбек көшесі 548/2 мекенжайы бойынша жұмыс істемейтін ТЖО ғимаратында шыққан. Өрт туралы хабарлама 11:33-те түсті. Оқиға орнына келген бөлімшелер 220 шаршы метр аумақта ғимараттың шатыры жанып жатқанын анықтады. Өрт шыққан жерде штаб құрылып, батыс және оңтүстік-шығыс жағынан екі өрт сөндіру учаскесі құрылды. Өртті сөндіру су көздері қашықта болғандықтан қиындай түскен. Суды қосу үшін өрт сөндіру автопойызы іске қосылып, магистраль желілер тартылды. «Өртті сөндіру көп қабатты шатырдың құрылымдық ерекшеліктерімен күрделене түсті: бетон плитасының үстіне битум мастика төселген, оның үстіндегі ағашқа металл шифер орнатылған. Өртсөндірушілер шатырды авариялық-құтқару құралдарымен ашып, екі автосаты іске қосылды», — деді Алматы ТЖД өкілі. Өрт бір сағатқа жуық уақытта оқшауланып, сағат 12:47-де жойылды. Өртсөндірушілер көрші екі нысанның жануына жол бермеді. Өртті сөндіруге 40 адам мен 12 көлік жұмылған. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

24.kz

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия