jasqazaq.kz

Алматыда алапат өрт болды (видео)

25 қазан 2018, 9:21

Алматыда қала орталығындағы дәмхана өртенді. Жалын сол маңдағы көліктерді, әкімшілік ғимараттар мен электромобильдерді қуаттайтын бекетке зақым келтірді.

«25 қазанда сағат 04.16-да Алматы ТЖД-ның 101 нөміріне Алмалы ауданы, Жароков көшесіндегі 43 үйде орналасқан «Динара» дәмханасы жанып жатқаны туралы хабар келіп түсті. Өрт сөндірушілер оқиға орнына 7 минуттан кейін, 04.23-те жетті. Олар келген уақытта дәмхана отқа оранып жатқан», — делінген хабарламада. Бір қабатты дәмхана және 2 көлік — Toyota RAV4 мен Nissan Primera жанып жатқан. Лаулаған жалын жақын тұстағы Nissan tino, Toyota avensis, Mitsubishi Outlander, Subaru legacy көліктерін зақымдаған. Tesla автокөліктеріне арналған электр қуаттау стансасы мен «Алматы Байкке» тиесілі 10 велосипед, сондай-ақ 5 қабатты әкімшілік ғимараттың қасбеті және терезелері қатты ыстықтан еріп кеткен. «Өрт 04.47-де ауыздықталып, 05.17-де толықтай сөндірілді. Жалын 280 шаршы метрді шарпыды. Ешкім зардап шекпеді. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр», деп мәлім етті ТЖД баспасөз қызметі.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Ночью 25 октября в Алматы произошел крупный пожар в кафе «Динара» по адресу Алмалинский район, улица Жарокова 43, сообщает Tengrinews.kz со ссылкой на официального представителя городского ДЧС Сандугаш Баймухамбетову. Сигнал о возгорании поступил на пульт «101» в 04:16. Первые пожарные расчеты прибыли к месту вызова уже через 7 минут, в 04:23 часов. «К моменту прибытия пожарных расчетов обстановка была следующая: открытым пламенем горело кафе. Силы и средства наращивались по повышенному номеру вызова. Как выяснилось, произошло горение одноэтажного кафе и двух автомобилей Toyota RAV4 и Nissan Primera. От теплового воздействия пострадали четыре автомашины: Nissan Tino, Toyota Avensis, Mitsubishi Outlander, Subaru Legasi. Произошло оплавление электрической заправочной станции для автомобилей Tesla и корзин десяти велосипедов «Алматы Байк», а так же фасад и оконные проемы пятиэтажного административного здания», — говорится в сообщении. Подробнее: https://tengrinews.kz/events/krupnyiy-pojar-tsentre-almatyi-sgorelo-kafe-dinara-356336/ Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на Tengrinews.kz @kris_p_brothers

Публикация от @kris_p_almaty Official 🇰🇿🚔🔝 (@kris_p_almaty)

ҚазАқпарат

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді