jasqazaq.kz

Алматыда аккумулятор ұрлайтын адам қолға түсті

03 сәуiр 2018, 10:24

Алматыда көлік аккумуляторларын тонаумен айналысқан ер адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қалалық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 40 жастағы ер адам бұған дейін де ұрлық үшін қылмыстық жауапқа тартылған екен. «Күдікті түн ішінде аулада тұрған көліктердің капотын ашып, аккумуляторларын шешіп алып отырған. Барлық жерде жалғыз әрекет еткен. Қажетті жеріне таксимен жетіп отырған. Тек қана Алмалы ауданының өзінде оның 10 ұрлыққа қатысы бары анықталды. Өзі Әуезов ауданында біраз аккумуляторларды қолды еткенін мойындап отыр», — деді Алмалы аудандық ІІБ полиция бөлімінің басшысы Құмарбек Кеншінбаев. Қазіргі таңда күдікті қамауда. Аталған қылмыс бойынша айғақтар жинау жұмыстары мен тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Бүгін, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
Бүгін, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды