jasqazaq.kz

Алматыда ақша шығаратын цех ашқандар құрықталды

07 қазан 2019, 10:52

11 қыркүйекте Алматы қаласында Экономикалық тергеу департаменттерінің мамандары жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Оның нәтижесінде 500 және 5000 теңгелік жалған купюра жасап келген үш адам құрықталған. Бұл туралы Алматы қаласының Экономикалық тергеу департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Tengrinews.kz хабарлады.

Тергеу жұмыстарының барысында бұрын сотталған азаматтар арнайы келісім арқылы жасырын цехта ҚР Ұлттық банкінің жалған банкноталарын жасаған.

Қылмыстық топтың мекенжайы бойынша ноутбук, түрлі-түсті принтер, еріткіштер, ультракүлгін лампа, ламинатор, су белгілерінің орнын ауыстыруға арналған құрылғы, бояулар, екі жағында номиналы 500 және 5000 теңгелік банкноттардың суреттері (бланкілері) бар флэш-карталар және 308 мың теңге болатын жалған ақша тәркіленген. 27 қыркүйекте ҚР Қылмыстық кодексінің 231-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп, қылмыстық іс сотқа берілді.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда