jasqazaq.kz

Алматыда әкесі туған қызын зорлаған: жалғызбасты ана көмекке мұқтаж

10 қыркүйек 2021, 12:17

Алматыда туған әкесі өз қызын зорлаған. Естіген жанның жағасын ұстатқан оқиғадан кейін тұтастай отбасының өмірі тозаққа айналғандай. Бұл туралы  «Astana tv» арнасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Оқиғадан кейін қылмыскер әке темір торға қамалып, ал жалғызбасты ана үш баласымен өлместің күйін кешуде. Олардан туыстары түгелімен теріс айналған. Сонымен қатар зәбір көрген қыздың психикасын қалыпқа келтіріп, бұрынғы күйеуінің несиесін төлеп және балаларды аяғынан тұрғызу қажет болды. Қазір олар адам төзгісіз жағдайда жалдамалы пәтерде тұрып жатыр.

37 жастағы зорлық көрген қыздыңм анасы аты-жөнін айтқысы келмеді. Жалғызбасты ананың балаларының қамы үшін өмірмен арпалысы 2 жыл бұрын басталған. Сондай-ақ, осы жыл алдын күйеуі туған қыздарын зорлаған.

«Туған әкесі зорлады. Ол кезде қызым 12 жаста еді. Орын алған оқиғаны үлкен қызым көрген. Қызым ол уақытта мектептен келген. Ол бірден маған қоңырау шалып, мен үйге жүгіріп келіп полиция шақырдым. Күйеуім есін білмейтін мас екен, оны бірден алып кетті» ,- дейді қыздың анасы.

Қылмыскерді сот он бес жылға бас бостандығынан айырды. Ал артында қалған отбасының өмірі астаң-кестеңге ұшырады. Отбасының жалғыз асыраушысына айналған әйелдің тапқаны бірге жетсе, екіншісіне жетпей жатты. Осы уақытта банктен хабарласып, жұбайының несиесін төлеуді талап ете бастаған.

«Күйеуім достарымен бірге несие алған. Олар өздерінің бір ісін ашуды жоспарлап жүретін. Бірақ кейіннен белгілі болғандай, менің жұбайым есірткі қолданған. Және соңғы уақытта қатты ішетінді шығарды. Мен бұл үйде ары қарай өмір сүруге қорқамын. Себебі қыста пеш жағып, өзім жұмысқа кетемін. Ал балаларым үйде жалғыз қалып қояды. Оның үстіне үй иесі де бұл жерді сатылымға қойған. Егер жер сатылып кетсе қайда барарымды білмеймін» ,-дейді анасы.

Үйде тек жарық ғана жанып тұр. Суды отбасы көршілерден алады. Жаздың күні далаға жуынса, қыс келсе бұл да бір шешуі қиын мәселеге айналады. Бір ғана пештің бүкіл үйді жылытуға күші жетпейді. Отбасыға жаны жомарт жандар көмек қолын созып тұрады.

«Отбасыға лайықты үй қажет екені көрініп тұр. Біз қолымыздан келгенше азық-түлікпен, қажетті заттармен қарасып тұрамыз. Бірақ бұл үйде өмір сүру мүмкін емес. Терезелер жоқ, бөлмелер суық, су да жоқ ешнәрсе жоқ. Біз қазіргі таңда жанұяға көмектесе алатын кәсіпкерлерді іздестіріп жатырмыз» ,- деді «Svet» Қоғамдық қорының директоры Кирилл Вшивков.

Отбасыға көмектесе алатын кәсіпкерді табуға Наурызбай аудандық әкімшілігі де уәде етті. Мамандар жақын күндері отбасының тұрмыс жағдайымен танысып, алдағы уақытта жәрдем беруді жоспарлап отыр.

«Тұрғын үй жағдайын тексеру актісін толтырамыз. Яғни, отбасы қандай жағдайда өмір сүріп жатыр, осының барлығын көрсетеміз. Барлық деректерді түртіп алып, арнайы бақылауға аламыз. Алдағы уақытта демеушілердің қолдауымен материалдық және гуманитарлық көмек көрсетуді жалғастырамыз» ,- деп мәлімдеді Алматы Наурызбай аудандық әкімшілігінің әлеуметтік сала бөлімінің басшысы Еркін Сыдықов.

Қазір жалғызбасты ана қазақстандық қамқор жандардың көмегіне зәру. Себебі өз күшімен үй сатып алуға қауқары келмейді. Тіркеуде де тұрмайды. Орын алған оқиғадан кейін әйелдің туыстары отбасын пәтердегі тіркеуден шығарып жіберген.

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде