jasqazaq.kz

Алматыда әйелін ұрып-соққан ер адамды көршілері видеоға түсіріп алды

02 желтоқсан 2020, 18:07

Алматыда көршілері әйелді ұрып-соққан ер адамды видеоға түсіріп алды. Қалалық Полиция департаменті өкілдері оқиғаға қатысты пікір білдірді.

Видео «Не молчи» қоғамдық қорының парақшасында жарияланды.

«Бүгін түнде Алматыдағы «Премьера» тұрғын үй кешенінде көрші тұратын ер адам тыныштықты бұзып, әйелін ұрып-соқты, есік қаққандарға және наразылыққа мән бермеді. Бірінші рет болып отырған жайт емес, сондықтан көршілер полиция ештеңе істемейтініне үйреніп қалды, полицияға хабарласпайды да, өздері тыныштандыруға тырысады. Қараңыздар, әйел тіпті айғайламайды, қаттырақ ұра ма деп қорқады. Есіктің қарағышынан түсірген, себебі онда тесік бар, бәрі естіледі, көрінеді», — делінген жазбада.

Ескерту! Видеода зорлық әрекеттері бар.

Полиция департаментінің өкілдері пікір білдірді.

«Бұл дерек бойынша көршілерінен түнде тыныштықты бұзуға қатысты шағым түсті. Оқиға орнында тексеріс барысында бірге тұратын жұптың спирттік ішімдік ішіп, арты дауға ұласқаны белгілі болды. Алайда жәбірленуші дене жарақатын салу бойынша шағым түсіруден бас тартты. Түнде тыныштықты бұзғандар әкімшілік жауапкершілікке тартылды», — деп хабарлады Наурызбай аудандық Полиция басқармасының бастығы Дидар Аханов.

 

Tengrinews.kz

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия