jasqazaq.kz

Алматыда әйелі күйеуін көлікпен басып кетті

11 мамыр 2019, 10:28

Алматы қаласы Алатау ауданындағы жеке үйлердің бірінің тұрғыны Mercedes көлігімен өз ауласынан шықпақ болып, күйеуін қағып кетті. Оқиға салдарынан ауыр жарақат алған ер адам ауруханаға жатқызылды.

Жол апаты 10 мамырда кешкі он жарым кезінде болған.

Бастапқы деректерге сүйенсек, «Алтын Алма» бау-бақша бірлестігінде тұратын әйел отбасына тиесілі Mercedes көлігіне мініп, кетпек болыпты.
Оның айтуынша, күйеуіне ешқандай қастық ойламаған, ер адам сол кезде көліктің алдында отырған екен. Келіншек газ бен тежегішті шатастырып алып, алға бір-ақ жүреді, ал отағасы көліктің астында қалыпты.

Жағдайды түзеуге тырысқан әйел артқа жүрмек болғанда, тағы да күйеуінің үстінен басып өткен, сол кезде көліктің алдыңғы бампері жұлынып кетеді.

Зардап шегуші өте ауыр жарақат алды, оқиға орнына жеткен жедел жәрдем оны ауруханаға жатқызды.
Апат орнына барған жедел тергеу тобы ер адамды әйелі әдейі қақты ма, жоқ па – анықтауы тиіс.

Дереккөзі: sputniknews.kz

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде