jasqazaq.kz

Алматыда әйелге 11 рет пышақ сұққан ер адам ұсталды (Видео)

20 шiлде 2022, 9:51

Алматыда Ұлттық гвардия сержанты екі әйелге пышақпен шабуыл жасаған ер адамды ұстады. Күдікті сержанттан қашып, зиратқа тығылуға тырысқан, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«18 шілдеде кешке келісімшарт қызметінің әскери қызметшісі сержант Жарқынбек Айдарханбеков отбасымен үйінде болған. 23.50 шамасында ол әйелдің айғайын естіп, көшеге шыққан. Сөйтіп, белгісіз ер адам екі әйелді соққыға жығып жатқанын көрген. Қылмыскер қорқып, «Достық» қалалық зиратына қарай қашқан. Әскери қызметші қылмыскердің артынан қуған, осы кезде жедел жәрдем мен полицияға қоңырау шалып үлгерген», — деді Ұлттық ұланның баспасөз қызметі өкілі.

Қаскүнем қараңғы екенін пайдаланып, зиратқа тығылған. Ер адам жасырынуға тырысқанына қарамастан, әскери қызметші оны қоян-қолтық ұрыс әдісін қолданып, ұстаған. Айдарханбеков күдіктіні полицейлерге, ал зардап шеккен әйелдерді жедел жәрдемге тапсырған.

«Бұл дерек Қылмыстық кодекстің 106-бабы, 2-бөлігі «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бойынша соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Күдікті Х. 1991 жылы туған. Ол УҰИ-ға қамауға алынды. Қазір Наурызбай аудандық Полиция басқармасы істің мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу іс-шаралары кешенін жүргізіп жатыр», — деді Алматы Полиция департаменті өкілі.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр