jasqazaq.kz

Алматыда әйел мен балаға шабуыл жасалды (видео)

12 қыркүйек 2019, 15:44

Алматыда тапа-тал түсте белгісіз біреу баласымен кетіп бара жатқан әйелді тонап кетті. Оқиға орнында түсірілген видео @kris.p.almaty паблигінде жарияланды.

Видеода тротурамен баласын арбамен сүйреп келе жатқан әйелдің артынан бойшаң келген ер адамның жақындағаны көрінеді. Ол әйелді қылғындырмақшы болған сыңайлы. Алайда әйел оған қарсылық көрсетеді. Автордың айтуынша, оқиға Саяхат маңында болған. Сондай-ақ, ұры әйелдің ұялы телефонын алып кеткен.

Қалалық полиция департаменті бұл оқиғаның 11 қыркүйекте 15:40-та болғанын айтады. «Жәбірленушінің айтуынша, ер адам оның мойынынан алтын алқасын жұлып алған. 28 жастағы әйел мен балаға азият нәсілді, ірі денелі ер адам шабуылдаған. Жақын маңда қызмет атқарып жүрген патрульдік полиция экипажына ер адамның бағыттамасы берілді. Қазіргі уақытта арнай жедел тергеу тобы осы іспен айналысып жатыр. Шабуылдаған ер адамның кім екені әзірге белгісіз, алайда полиция өкілдері оның жақын арада ұсталатынына уәде берді. Осы іске қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы («Ұрлық») бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүріп жатыр.

https://youtu.be/kMTwJCREhOc

Ақпарат көзі: tengrinews.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде