
Алматыдағы жанармай құю стансаларында АИ-92 маркалы бензиннің бағасы түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бүгін бірқатар жанармай құю стансалары таблодағы бағаны өзгертті. Royal Petrol мен Sinooil ЖҚС АИ-92 маркалы бензиннің 1 литрінің құнын — 149 теңге, Asia Petrol ЖҚС — 145 теңге деп белгіледі. Оның алдында АИ-92 бензинінің бір литрі 156 теңгедан сатылған болатын. «ҚазМұнайГаз» және Helios стансалары АИ-92 маркалы бензинді 152 теңгеден сатып жатыр.