jasqazaq.kz

Алматыда ағасына араша түскен жігітті өлтірген адам ұсталды (видео)

02 тамыз 2019, 18:09

Алматыда қарт кісінің телефонын тартып алмақ болған адамға қарсылық көрсеткен жігіт кісі қолынан көз жұмды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Қайғылы оқиға бүгін Райымбек-Розыбакиев көшелерінің қиылысында болған. Бұл туралы видео Vkontakte желісіндегі «Я очевидец Алматы» паблигінде жарияланды. Полиция департаментінің хабарлауынша, Аносов көшесінің 53 жастағы тұрғыны аулада тұрғанда қасына бір мас жігіт келіп, телефонына таласа бастаған. Сол сәтте ер адам үйіндегі бауырын шақырған. «Араша түспек болған жас жігіт пен бұзақының арасында төбелес болған. Кейін күдікті жас жігіттің жүрек тұсынан пышақ салған. Ол алған жарақатынан сол жерде көз жұмды. Полицияға хабарлама түскен соң оперативті қызмет өкілдері айналаны тінтіп шыққан. Қылмыскер жеке үйлердің бірінің моншасының төбесінде тығылып отырған жерінен табылды. Ол пышағымен полицияға қарсылық көрсетті. Алайда, бірнеше минуттан соң полиция оны ұстады», — деді Алмалы аудандық полиция басқармасының өкілі Таңат Назанов. 26 жастағы Талдықорған тумасы бұрын да бірнеше рет ұрлық жасағаны үшін істі болған. Бұл дерек бойынша ҚР ҚК 99-бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдікті уақытша оқшаулау орнына қамалды.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда