jasqazaq.kz

Алматыда ағаш кесуге жалған құжат жасағандар жауапқа тартылды

07 наурыз 2018, 16:10

Алматы қалалық Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалану басқармасына қала тұрғындарынан шағым түскен.

Тұрғындар Іле тасжолы 573/1 мекенжайында жол бойындағы ағаштардың кесілгенін хабарлаған. Басқарма қызметкерлері мен қоршаған ортаны қорғау полициясының өкілдері оқиға орнына барып, 35 түп ағаштың заңсыз кесілгенін анықтады. Аталған мекенжайда орналасқан өндірістік базаның иелері «АС Финанс техногрупп» ЖШС жасыл-желекті отауға жалған құжат әзірлеп, көрсеткен көрінеді. «Жалған құжат жасағандармен Түрксіб аудандық полициясы айналысып жатыр. Мемлекеттік органның құжатын қолдан жасады деген айыппен бұл дерек Түрксіб аудандық ІІБ -де сотқа дейінгі тергеу реестріне тіркелді. Сонымен қатар, ҚР ӘқбК 386-бабын бұзғаны үшін меншік иелеріне 30 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Енді кәсіпорын табиғатқа келтірілген нұқсанның орнын толтыру үшін 350 түп ағаш отырғызуға міндеттелді», — деді әкімдіктің баспасөз қызметіндегілер.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде