jasqazaq.kz

Алматыда адам ұрлауды ұйымдастырған азамат ұсталды

30 наурыз 2021, 10:20

Алматыда адам ұрлауды ұйымдастырған азамат ұсталды. Ауыр қылмыс 2017 жылдың сәуір айында жасалған. Сол кезде 1984 жылы туған азамат адам ұрлауды ұйымдастырған, деп хабарлайды Polisia.kz.

«Тергеу мәліметтері бойынша, екі адамның арасында жеке келіспеушіліктер негізінде жанжал болған. Олардың бірі қарсыласын ұрлау үшін сыбайластар тапқан. Олар жәбірленушіні кісендеп, көліктің жүк салғышына салып, Алматы облысындағы ауылдардың біріне апарған. Онда олар аталған адамды кепілге алып, туыстарынан төлем талап еткен. Оқиға барысында жәбірленуші дене жарақаттарын алған. Бір тәуліктен кейін біз сыбайластардың ізіне түстік. Үш күдікті ұсталды, кепілге алынған адам босатылды, оларға 125-баптың 2-бөлігіне (Адамды ұрлау) сәйкес айып тағылды және олар түрлі мерзімдерге бас бостандығынан айырылды. Сол кезде қылмысты ұйымдастырған азамат бой тасалап үлгерді, оған қатысты мемлекетаралық және халықаралық іздеу жарияланды. Жақында ол ұсталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сот оны қамауға алуға санкция берді», – деді Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Еркін Іңкәров.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия