jasqazaq.kz

Алматыда Әбіш Кекілбаев көшесі пайда болды

20 қыркүйек 2019, 12:36

Алматыда Әбіш Кекілбаевтің құрметіне көше атауы берілді

Алматыдағы Каблукова көшесі енді Әбіш Кекілбаев деп аталатын болды. Көшенің ашылу рәсіміне Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қатысты. «Бүгінгі шараның Алматы қаласында өтуінің маңызы зор. Ұлы жазушы бозбала шағында осында келіп, өмірінің ең бақытты да мағыналы шақтарын осы Алматы қаласында өткізді. Жазушылық өнердің, суреткерлік шеберліктің шыңына шықты. Мемлекеттік қызмет пен саясат сахнасында жасындай жарқылдап, сөз бастар шешенге, ой тастар көсемге айналды. «Жақсы болудың жақсылық жасаудан басқа жолы жоқ» дейтін Әбіш Кекілбайевтің сөзінде де, шығармашылығында да жасандылық болған жоқ. Әбіштің шығармаларын оқи отырып, қазақ деген халықтың ұлттық мінезін, мәдениетінің сан қырлы қатпарын жазбай тануға болады. Ол туындылар ұлт тарихының жылнамасындай, өзіміз өмір сүріп жатқан қоғам мен заманның тынысындай болды»,- деді Бақытжан Сағынтаев.

Сондай-ақ, Әбіш Кекілбаевтың 80 жылдығына орай, Н.Назарбаев даңғылы, 118-де ескерткіш тақта ашылады. Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында мерекелік кеш өтеді. Бұл шараларға жазушының жақын туыстары, достары, замандастары, мемлекеттік қызметкерлер, мәдениет қайраткерлері қатысады деп күтілуде.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде