jasqazaq.kz

Алматыда 800 үй газсыз қалды

16 шiлде 2020, 10:55

Алматыда газ құбырында апат болды. Салдары ауыр болмауы үшін «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ алматылық өндіріс филиалының мамандары қаладағы 800 үй мен 14 кәсіпорынды көк отынсыз қалдырды. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.

Апат шамамен Әл-Фараби және Желтоқсан көшелерінің қиылысында болды. Сондықтан Әл-Фараби-Назарбаев-Сейфуллин-Темірязев-Попов-Шашкин көшелерінің ауданында орналасқан үйлер мен нысандарда газ тоқтатылды. Бұл ауданда 258 жеке үй, 549 көппәтерлі ғимарат, 14 коммуналдық-шаруашылық және өнеркәсіп мекемелері, оның ішінде қазандық бары хабарланды.

«Тұрғындардан газ крандарын жауып тастауды және апатты жойып, газ берілмегенше ашпауды сұраймыз. Қала тұрғындарынан қолайсыз жағдайға түсіністікпен қарауды сұраймыз. Себебі жұмыстар Алматы газ желілерінің қауіпсіз пайдалануы үшін жасалып жатыр», — деп мәлімдеді «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ қызметкерлері.

05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл
01 қазан, 14:17
Шымкенттің мәдени өмірі жанданып келеді
30 қыркүйек, 20:17
Шымкент: Өрісі кеңейген өңдеу өнеркәсібі
30 қыркүйек, 14:40
Шымкенттегі медициналық инфрақұрылым: жаңа нысандар бой көтереді
29 қыркүйек, 15:58
Шымкентте бұқаралық спортқа басымдық берілуде
28 қыркүйек, 14:29
Шымкент: Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде
22 қыркүйек, 16:36
Зауыт құрылысында - отандық жабдық! (Видео)
17 қыркүйек, 21:00
Таңғы шық елімен тартымды уағдаластық