jasqazaq.kz

Алматыда 800-ге жуық шетелдік ұсталды

23 шiлде 2019, 9:47

Алматыда «Заңсыз» жедел алдын алу шарасы аяқталды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полиция өкілдерінің мәліметінше, жүргізілген рейдтер нәтижесінде 794 шетелдік азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

«Шетелдіктердің Қазақстан Республикасында болуының заңдылығын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдамағаны үшін, қабылдаушы жақтың жеке және заңды тұлғалары арасында Қазақстан Республикасының 168 азаматына айыппұл салынды, сонымен қатар 56 жұмыс беруші шетелдік жұмыс күшін тарту ережелерін бұзғаны үшін жауапқа тартылды», — дейді Алматы қаласы полиция департаменті көші-қон қызметінің басшысы, полиция полковнигі Асхат Бутунчинов.

Сондай-ақ, қабылдау бөлімдеріне жеке куәлігі жоқ 336 шетелдік азамат тіркелді. 196 шетелдік соттың шешімімен Қазақстан Республикасынан шығарылды. Жедел алдын алу шарасы басталғаннан бері заңсыз көші-қон арналарын ұйымдастыру фактілері бойынша 3 сотқа дейінгі тергеу басталды.

Шараның мақсаты — өзара іс-қимылды күшейту, заңсыз көші-қон жолдарын анықтау, шетелдіктерді жұмысқа заңсыз тарту фактілері туралы ақпарат алмасу екені айтылады.

«Жалпы алғанда, жедел алдын алу шарасы аясында жеке құрылыс алаңдары, базарлар, тамақтану орындары, оқу орындары, сондай-ақ шетелдік жұмыс күшін қолдану ықтималдығы жоғары жаңа ғимараттар сынақтан өткізілді», — дейді полициядағылар.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде